Еліміздегі мектептердегі оқушылардың жалпы саны 3 жарым миллионға жуықтады

Қазіргі күні қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды: қашықтан оқыту форматында – 2,4 млн; дәстүрлі форматта – 953 мың, оның ішінде 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.


Екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны: қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн; дәстүрлі форматта – 1,2 млн, оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып), шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы, 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады. Естеріңізге сала кетсек, тиісті шешім ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий