Қазақстандық мектептерде тоқсандық жиынтық бағалау басталды
Қашықтан оқыту кезіндегі жиынтық бағалау: 2-11 сыныптарда аптасына екі және одан да көп апталық жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

2-11 сыныптарда аптасына 1 сағат оқу жүктемесі бар оқу пәндері бойынша формативті бағалау, БЖБ жүргізіледі және олардың негізінде жарты жылдыққа баға қойылады (ТЖБ жүргізілмейді). 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістігі бағаланбайды. Жылдық баға қойылмайды. БЖБ және ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық бағалаудан аспау керек. 2-4 сыныптарда БЖБ және ТЖБ уақыты реттелмейді, әр пән бойынша 2 тапсырмадан аспайды. 5-11 сыныптарда 3 тапсырмадан артық берілмейді. БЖБ және ТЖБ кестесін мектеп әкімшілігі әзірлейді. БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын мұғалімдер пәндер бойынша спецификацияға сәйкес өздері дайындайды.