Мұғалімнің жаңа жауапкершілігі

Бүгінгі таңда білім берудің дамуы оның ақпараттық әлеуетінің деңгейінің жоғарылауымен байланысты. Әлемдегі білім беру жүйесіне айтарлықтай әсер еткен жетістіктердің бірі қашықтан оқытуды құру. Қашықтан оқыту қазіргі кездегі ең маңызды білім беру инновацияларының бірі болып табылады, оқытудың тиімді қағидаттары мен әдістерін қолданады және білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде мойындалған.

Оқу бағдарламалары жалпы және жеке мақсаттарды анықтайтын, оқу ортасын талдайтын, әдістер мен құралдарды таңдаған, өзін-өзі тәрбиелеуге және бағалау құралдарына арналған мультимедиялық материалдарды жасайтын нақты мақсатты топ үшін арнайы әзірленген. Оқытудың бұл формасы өзекті  мәселеге айналып отыр. Қашықтан білім  беруді енгізу мұғалім үшін де, оқушылар  үшін де кең мүмкіндіктерді  ашуына  ықпал етті. Оқу іс-әрекетіндегі жаңашылдық білім алушыларды қарым-қатынастың  белсенді мүшелеріне айналдырады: олар байланыс процестеріне қатысады, ресурстармен өзара әрекеттеседі. Қазір қашықтан оқытудың зор ақпараттық мүмкіндіктері мен әсерлі қызметтері бары бәріне мәлім. Қашықтан оқыту жағдайында мұғалім мен білім алушылардың едәуір қашықтық арасындағы оқу үдерісі интернет, теледидар, пошта және тағы да басқа мүмкіндіктердің көмегімен жүзеге асырылады.

Осы тұста мұғалімнің рөлі туралы мәселе туындайды. Дәстүрлі білім беру жүйесінен айырмашылығы, бұл оқыту формасында мұғалімдер білім алушыға көбірек көңіл бөледі. Олар білім алушыларға  жеке оқу материалдарын ұсынады, жеке кездесулер мен кеңестер береді. Оқыту барысының  маңызды функцияларының бірі – оқу құралдарына, соның ішінде өздігінен оқуға  арналған материалдар үшін  бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу, сынау және енгізу. Білімді өз бетінше меңгеретіндіктен оқушыларға ақпараттық қолдау өте қажет. Мұғалім оқу үдерісіне бақылау жасап, уақытында түзетіп, кері байланыстың үздіксіз жүруін  қамтамасыз етеді. Қашықтан оқытуда сабақ беретін  мұғалім әртүрлі дағдылар мен қасиеттерге ие мамандандырылған болуы керек деген түсінік қалыптасуда.

Ол үшін қашықтан оқыту мұғалімі білім алушылармен өзара әрекеттесудің жаңа тәсілдері мен әдістерін игеріп, оқытылатын пәндегі қазіргі тенденциялар мен өзгерістер туралы білуі керек. Оның басты міндеті – соңғы жаңалықтар мен жетістіктер туралы хабардар болу. Сондықтан мұғалім қашықтан оқыту жағдайында келесі айрықша белгілерді көрсету қажет: пән туралы терең білім, қабілеттер, АКТ құзыреттілік, икемділік, өзара көмек, шыдамдылық пен төзімділік, шығармашылық, жаңашылдық, болашаққа   жігерлі және динамикалық көзқарас, жетістікке жетуге ынталандыру және өз ісіне деген адалдық.

Компьютерлік және аудиовизуалды материалдарға ие болу ақпараттық технологиялар заманында электронды пошта, интернет, ақпараттандыру және теледидар байланыс сипатының тез өзгеруіне байланысты маңызды болып саналады. Сонымен, қашықтан оқыту жүйесіндегі әр түрлі мәселелерді шешуге қажетті көшбасшылық және әрекеттерді үйлестіру қабілеті сияқты бұл дағдылардың қашықтан оқытуда мұғалім бойында  сөзсіз болуын көрсетеді. Техникалық тұрғыдан алғанда, қашықтан оқыту проблемасы қазіргі уақытта әртүрлі жолдармен беріледі. Қазіргі ақпарат тық технологиялар кез-келген көлем мен мазмұндағы ақпаратты кез-келген қашықтықта орналастыру, сақтау, өңдеу және жеткізудің шексіз мүмкіндіктерін ұсынады. Дегенмен қандай болмасын оқу құралдары енгізілісе де қашан да мұғалім қызметінің рөлі орасан зор.

Зерттеушілер Мишра мен Кёлер 2006 жылы мұғалімнің тәжірибесіндегі үш білім саласы туралы өз идеяларын ұсынады. Үш білімнің, яғни пәндік, педагогикалық және технологиялық білімдердің қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылатындағын да айтқан. Сонымен қатар, егер жаңа технология оқуды жақсартуға ықпал ете алатын болса, онда жоспарлау үдерісінде пән бойынша арнайы білімдерді оқушылардың қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керектігін де негіздейді.

Осы тұста мұғалім мынадай бірқатар талаптарды орындай алуы керек: ақпараттық – коммуникациялық құралдармен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі; қашықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі; оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдыландыру; оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісінедағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет; оқу үрдісін қашықтан оқыту шеңберінде оқытуды даярлау, қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет және тағы да басқалар.

Оқу ортасын таңдау кезінде қашықтан оқыту мұғалімдері келесі сұрақтарға жауап беруі керек: осы оқыту жүйесінен мен не күтемін?; мен бұрынғыдай оқыта  аламын ба және қашықтан оқыту жүйесінде оқытуда не өзгереді?; осы бағытта қойылған мақсаттарға жеткілікті түрде жетуге бола ма?; мұндай ортаныңоқуға жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?; мен оның шектеулерін азайтып, осы ортаны қалайша тиімді пайдалана аламын? және басқалар. Осы сұрақтарға жауап  беруде мұғалім қашықтан оқытуға көшудің қаншалықты қажет екендігін және жауапкершілік жүгінің ауырлығын түсінетіндігі аңғарылады. 

Дәметкен Жиенғалиқызы ҚАЛИЕВА,
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ақтау қаласындағы филиалының тренері

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий