Демонстрациялық емтихан

Демонстрациялық емтихан-WorldSkills талаптары бойынша нақты өндiрiстiк үрдiстердi модельдеу жағдайында практикалық дағдыларды, бiлiм деңгейi мен икемдiлiктi көрсету және тәуелсiз бағалау процедурасын көздейтiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларын аттестаттау нысанының бiрi,-деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Демонстрациялық емтихан құзыреттiң техникалық сипаттамасынан, инфрақұрылымдық парақ, бағалау критерийлерi, емтихан тапсырмаларынан тұратын бағалау құжаттамасының жиынтығын пайдаланумен өткiзiледi. Алғашқы рет Петропавл құрылыс-экономикалық колледжiнде демонстрациялық емтихан екi құзырет: кiрпiш салу және балташылық iсi бойынша өттi. Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары жүргiзiлдi, «Кiрпiш салу» және «Балташылық iсi» құзыреттерi бойынша бағалау құжаттамасының жиынтығы әзiрлендi, емтихан тапсырушылардың жұмыс орындарының дайындалуын тексеру iске асырылды, демонстрациялық емтиханды өткiзуге рұқсат алынды.

Демонстрациялық емтихан тапсырмаларын бағалауды орындау кезiнде басты талаптардың бiрi — барлық демонстрациялық емтихан қатысушылары үшiн тең жағдайды қамтамасыз ету. Емтихан тапсырушылардың бiлiм сапасын бағалауды колледждiң «Основание» ЖШС, «Лира» ЖШС, «Пилон» ЖШС, «Н-Строй» ЖШС, «Госградкадастр» РМК, «Жамалиев Б.Б.» ЖК сияқты тәжiрибелi әлеуметтiк серiктестерi арасынан таңдалатынсарапшылар жүргiзедi.

Демонстрациялық емтихан кезiнде құрал-жабдықтың техникалық жай-күйi мен эксплуатациясы, емтихан алаңы инфрақұрылымының қызмет етуi, сонымен қатар алаңға қатысушы барлық тұлғалармен еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi мен нормаларының сақталуы үшiн жауап беретiн Техникалық сарапшы тағайындалды. WorldSkillsKazakhstan стандарттары бойынша ұпай түрiнде көрсетiлетiн тиесiлi құзырет бойынша демонстрациялық емтихан қорытындысы Құзырет паспорты электрондық құжатына қалыптасады.

Колледж түлегi үшiн демонстрациялық емтиханды тапсыру жұмысқа орналасу кезiнде табысты артықшылығының бiрi. Студент бiтiру емтиханын тапсыра отыра, халықаралық стандарттарға сәйкес бiлiктiлiктi растайды. Бұл ретте колледж өзiнiң бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасының сапасын көбiрек әдiлдiкпен бағалай алады. Ал әлеуметтiк серiктестер түлектердiң кәсiптiк қызметiне көрнекi түрде көз жеткiзе алады. Демонстрациялық емтихан қорытындысы бойынша Сараптау комиссиясымен «Кiрпiш салу» құзыретi бойынша 373-тобының студентi Тецлов Анатолий, «Балташылық iсi» құзыретi бойынша 363-тобының түлегi Исыпов Владимирүздiк болып танылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий