Елде Қостанай облысының бірден екі мектебі үздік деп танылды

«Қазақстан Республикасының Үздік мектебі» атағына конкурс 5 қыркүйек пен 5 қазан аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп өткізілді,-деп хабарлайды Қостанай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Оқу орындары зияткерлік, спорттық, шығармашылық конкурстар мен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысатын оқушылар саны; жабдықталған мамандандырылған сыныптардың болуы; сыныптарды көгалдандыру; волонтерлік қызмет; қамқоршылық кеңестің жұмысы және т. б. белгілер бойынша бағаланды.

Конкурсқа «ҚР Үздік ауылдық мектебі», «ҚР үздік аудандық мектебі», «ҚР үздік қалалық жалпы білім беретін орта мектебі» және «ҚР Үздік қалалық гимназиясы, лицейі» атты төрт номинация ұсынылды. Еліміздің қаншама оқу орындарының арасынан Қостанай облысының екі мектебі бірден екі номинация бойынша үздіктер қатарына еніп, үшінші орындарға ие болды.

 

«ҚР Үздік ауыл мектебі» – М.Горький атындағы № 1 Қарабалық орта мектебі. Бұл тарихы бай және өзіндік дәстүрі бар аудандағы ең көне мектептердің бірі. «ҚР Үздік аудандық мектебі» – Тобыл қаласының (Қостанай ауданы) мектеп-гимназиясы. 2019 жылы оқу орны 25 жасқа толған болатын. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, жарқын және елеулі жеңістерге жетуді тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий