Сапалы білім алуға қиындықтар кедергі емес

Қазақстан  мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап білім беруде пандемияға байланысты көптеген өзгерістер орын алды. Соның бірі – кезекші сыныптар ашып, бірінші сынып оқушыларын дәстүрлі оқыту.

Боранқұл орта мектебінің директоры Бисенғалиева Ұлмекен

Біздің мектептің 1 сыныбында 65 оқушы бар. Олардың барлығы ата-анасының өтінішімен білім ордасына қатынап оқиды. Кезекші сыныптардағы сабақтар әр уақытта басталады. Бір сыныптың оқушылары теңдей бөлініп, яғни,11-12 оқушыдан жоғарыдан бекіткен талап бойынша арақашықтықтарын сақтап отырады. Жалпы мектебімізде санитариялық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталып, мұғалімдерге кабинеттер арасында жүріп-тұруға, мұғалімдер бөлмесіне баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыруға тыйым салынды.

Барлық жедел жиналыстар қашықтан өткізіледі. Мектеп асханалары мен буфеттер жұмыс істемейді. Ата-аналар балаларын мектепке дейін әкеліп-әкете алады, бірақ ғимарат ішіне кіруге рұқсат етілмейді. Әр ауысым сайын оқушылардың температуралары өлшеніп, тексеріліп  қабылданады. Әр оқушы кіреберістегі антисептикті өздігінен пайдаланып, барып ішке кіруге дағдыланған. Кезекші сынып оқытылатын кабинеттердің барлығы да талапқа сай жабдықталып, қорғанышқа қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Оқушылар бір бағытта қозғалуы үшін, біреуі – балалардың кіруіне, екіншісі – сабақтан кейін шығуына арналған дәлізде белгілер салынған.

Бастауыш сыныптың оқу ісі меңгерушісі Нурекешова Тойған

Мектептің әрбір кабинетінде есік алдында аяқ киімнің де тазалануы үшін арнайы құралғы қойылған. Әрбір жұмыс күні сайын тексерулер мен талаптардың дұрыс орындалуын ұжым жетекшісі Ұлмекен Қабиқызы жеке назарында ұстап, тұрақты қадағалап отырады. Оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бағытында санитариялық нормалардың бекітілген ережелерге сәйкес толық сақталуын қатаң бақылауға алып, кезекші сыныптардың алаңсыз жұмыс жасауына барлық мүмкіндікті қарастырғаны үшін білікті басшымызға алғыс айтамыз.

Сагила Исенбаевна КОШКЕЕВА,
Боранқұл орта мектебі” КММ дене
шынықтыру пәнінің мұғалімі,
Маңғыстау
облысы, Бейнеу ауданы Боранқұл селосы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий