Қарағандының политехі: Инновациялық технологиялар факультетіне – 50 жыл

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында елімізде сандық жүйелерінің қарқынын жеделдету отандық жоғары техникалық білім мен ғылымға барынша жоғары талаптар қояды. Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар факультеті жарты ғасыр бойы осы саладағы көшбасшылар мен жаңашылдардың бірі болып табылады.

Жарты ғасыр бұрын жоғары оқу орнында тау-кен – электр факультеті негізінде автоматика және ақпараттық жүйелер факультеті ашылды. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жаңа мамандықтарының ашылуына байланысты бұл бөлімше 1993 жылы ақпараттық технологиялар факультеті, ал 2008 жылы – Инновациялық технологиялар факультеті болып қайта құрылды.

Қазіргі уақытта Инновациялық технологиялар факультетінің кафедралары CISCO желілік академиясы мен жетекші IT-компаниялардың зертханалары – “ERP-company” ЖШС, “Gexabyte” ЖШС, “Wooppay” ЖШС, “X-net” ЖШС, “WTO” ОАТ, “ABI” ЖШС енетін IT-индустрия орталығының базасында бакалавриат пен магистратураның  сұранысқа ие 13 білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыруда. Әлемдік деңгейдегі бағдарламашыларды даярлау аясында факультетте 2011 жылдан бастап “EPAM Systems” RD-зертханасы табысты жұмыс істейді, оның түлектері тек аймақтың және елдің IT-компанияларында ғана емес, сонымен қатар шетелде – Google компаниясында жұмыс істейді. 2020-2021 оқу жылында ЖШС “INQARSOFT.COM” компаниясы факультетте жасанды интеллект зертханасын ашуды жоспарлап отыр.

Факультет студенттері мен магистранттары халықаралық, республикалық, аймақтық іс-шараларға – ғылыми конференцияларға, форумдарға, хакатондарға, стартаптарға белсенді қатысады. Олардың жобалары мен дайындамалары жыл сайын ғылыми-зерттеу жұмыстарының халықаралық және республикалық конкурстарында, Республикалық пәндік олимпиадаларда жеңіске жетеді, бұл жоғары оқу орнының рейтингін көтеріп қана қоймай, түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” – “Серпін-2050” әлеуметтік жоба аясында факультете Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен студенттер білім алуда. Факультеттің білім беру бағдарламалары Ресей, Ауғанстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген талапкерлер арасында үлкен сұранысқа ие. Биыл Ауғанстаннан келген студенттердің алғашқы түлектері даярланды. Факультет ғалымдары BIG DATA ашық жүйелер тұжырымдамаларын пайдалана отырып, физикалық процестерді компьютерлік модельдеу, білім мен біліктілік деңгейін арттырудың SMART-технологияларын әзірлеу және енгізу және тағы да басқалар бойынша қаржыландырылатын ҒЗЖ шеңберінде жобалар орындайды.

2019 жылдың 12 желтоқсанында факультет базасында “Автоматтан­ды­рылған ақпараттық жүйелер” кафедрасының және Қазақстанның орталық аймағындағы “Ақпараттық жүйелер” бағытының негізін қалаушы т.ғ.д., профессордың, ХАА академигі Когай Леонид Ивановичтің 80 жылдығына арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің жобасы аясында “Цифрлық Әлем” 1-ші Халықаралық Жастар on-line форумы өтті. 2020 жылдың 23-24 сәуірінде Cisco Webex Meetings платформасында инновациялық технологиялар факультетінің мерейтойына арналған “Заманауи IT-диалог” ІТ-форумы өтті. Аталған Форумның мақсаты отандық ақпараттық өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және нығайту үшін жастарды IT-саласында жаңа, озық дағдылар мен білім алуға ұмтылуға ынталандыру болды.

Факультет мерейтойын қорытындылау мақсатында “Білім берудегі инновациялық технологиялар” симпозиумы өткізіледі, оған ЖОО базасында жұмыс істейтін “Корпоративтік Университет” инновациялық білім беру консорциумы, IT-комитет, шет елдер мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері, факультет түлектері шақырылады. Бүгінгі таңда Қарағанды “Политехінің” Инновациялық технологиялар факультетінің ұжымы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және сандық өндірісті дамытуға ғылыми үлес қосу саласында өңірдің кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, болашаққа сеніммен қарайды.

Қарағанды техникалық университетінің
Инновациялық технологиялар факультетінің
деканы, п.ғ.к., доцент Г. САМАШОВА және факультет ұжымы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий