57 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды
Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды,-деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Комиссия қарауына 59 үміткердің материалы ұсынылған. Оның ішінде 50 үміткер – магистр дәрежесін алу үшін шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетімен түскендер. Ал доктор дәрежесін алуға 7 адам, тағылымдамадан өтуге 2 үміткер конкурстық іріктеуге қатысты. Олардың көпшілігі Ұлыбритания, АҚШ және Австралияда оқуға құжат тапсырған. Қалғандары Швейцария, Дания, Жаңа Зеландия, Израиль, Ресей сияқты елдердің білім беру мекемелерінің еншісінде. 2020 жылға барлығы 555 стипендия бөлінді. Оның 395-і магистратура, 50-і докторантураға және 110-ы тағылымдамадан өтуге арналған.
Қырымбек Көшербаев, ҚР мемлекеттік хатшысы: – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысымен қабылданған «Болашақ» бағдарламасы еліміздің адами капиталын дамытудағы серпінді жоба болып табылады. Шетелдердегі рейтингі биік жоғары білім беру мекемелерінде көптеген қазақстандыққа өздерінің кәсіби құзіреттілігі мен біліктілігін арттыруға мүмкінік беретіні сөзсіз.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі: – Биылғы жылы конкурстық іріктеуден басым мамандықтар тізбесіндегі мамандықтар бойынша «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде оқуға ұсынылған тізімінде ЖОО-на өз бетімен түскендер ғана өтті.
Загрузка...