Алик Шпекбаев: Павлодарлық студенттер құрастырған үйлерді елдегі туристік орындарға тарату керек
Торайғыров университетінің студенттері өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасы Алик Шпекбаевқа өздері жасап шығарған тың дүниелерді көрсетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Оның бірі – заманауи үлгіде жабдықталған туристерге арналған шағын үйлер. Бұл жобаны архитектура факультетінде оқитын жастар құрастырған. Баянауылда туризмді дамытуға ниет білдірген инвестор осындай сип-панельдерден үйлерді құрастыру туралы ұсыныс білдірген. Аумағы 27 шаршы метрді құрайтын үйлерді Сабындыкөл, Жасыбай сияқты демалыс орындарына алып бару үшін өте қолайлы. Мәселен, PhD докторы, «Электроника және автоматизация» кафедрасының меңгерушісі Александр Невтисов экологиялық таза жылжу құралы – электробайк құрастырған. Мұның барлығы тозығы жеткен мототехникадан құрастырылған. Сағатына 100 шақырымға дейін қуаты жетеді. Сондай-ақ құны 28 мың теңге тұратын антивирусты шамдар адамдар бар кезде де ауаны зарарсыздандыра алады. Сұранысқа ие таптырмас құрал 30 шаршы метр аумаққа есептелген. Бұдан басқа, оқу орнында шығарылатын сұйық сабын мен катамаран жайлы айтылды. Университеттің ректоры Мейрам Бегентаевтың айтуынша, студенттерге қызмет көрсету орталығына екі жарым жылдың ішінде 20 мыңнан астам студент жүгінген.
– Цифрландыру бойынша жұмыс жалғасын табуда. Бұл жоба «Ертіс –адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірге әзірленген. Фронт-кеңседе пендемия кезінде өтініштер мен құжаттар онлайн режимде қабылданды. 20 қызмет түрі көрсетіледі. Студенттер барлық қызмет түрлерін жеке кабинеттері арқылы ала алады, – деді Мейрам Бегентаев.
Загрузка...ЖОО қабырғасында дайындалып жатқан туристік орындарға арналған шағын үйлерге көңілі толған Алик Шпекбаев жобаны әрі қарай дамытуға кеңес берді. – Бұл өте тиімді екені байқалады. Бұны бүкіл елдегі туристік орындарға тарату керек. Инвестиция көзін тауып, өндірісті кеңейткен жөн. Университет басқарудың коммерциялық емес нысанына өтті. Енді оның ЖОО мен өңірге тек пайда әкелетін кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігі бар. Мұнда мен «Қарапайым заттар экономикасы» санатындағы өте қажет жобаларды көрдім. Студенттер өз идеяларын тез жүзеге асыра алады, бұл жастардың санасы біртіндеп өзгеретінін білдіреді. Бүгінгі таңда қоғам Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және бақылайтын біздің агенттіктің не істейтінін білуі керек. Бірақ егер бұрын сыбайлас жемқорлық салдарымен күрессек, бүгінде біздің мақсат – оның алдын алу және тәрбиелік сипаттағы мәселелер, – деді агенттік төрағасы.