Зияткерлер сөз өнерінде бақ сынасты

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мақал-мәтелдер сайысында алғырлықтарын байқатты. Аталмыш шара «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында 9-сыныптар арасында ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Жас зияткерлер бұл сөз өнерінің алғашқы жолына қарап, жалғасын табу, тест тапсырмаларын орындау, сурет бойынша сөз өрнегін анықтау және берілген тақырыптар бойынша мақалдар айтудан жарысты. Бірінші орынды Ерсұлтан Қойшыбеков иеленсе, екінші және үшінші орындар Ерасыл Рашбаев пен Сая Ибайдуллаға бұйырды. Сондай-ақ, Аянат Шамшидин «Зияткер», ал Нұрсұлтан Табынбай «Ұшқыр оқушы» номинацияларын иеленді.

– Бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз – оқушылардың тілдік қорын байыту және ұлттық құндылығымызды дәріптеу, мақал-мәтелдерге талдау жүргізе отырып, оны өмірде орынды пайдалана білуге үйрету, – дейді педагог-ұйымдастырушы-куратор Әділжан Абажанов. Жоба шарты бойынша қызылордалық зияткерлер ай сайын тақырыптық мақал-мәтелдерді жаттайды. Жас дарындылар халықтың ауыз әдебиетімен танысып, тәрбие-өнеге беретін нақыл сөздерді өмірлік ұстанымдары ретінде пайдалануға машықтанады.

Қатысушылар кері байланыстарында сайыс қызықты болғанын атап өтті. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта сайыстарға ата-аналарды да қатыстыруды жоспарлап отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий