Кітапханаға қатысты тиімді тәсіл

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ кітапхана ісінің бас маманы ұйымдастыруымен қыркүйек айында  «Кітапхана жұмысын тиімді ұйымдастыру: жаңаша көзқарас» тақырыбында вебинар болып өтті.

Вебинар мақсаты-қашықтан оқыту жағдайында оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы өзекті мәселелер бойынша кітапханашыларға әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру. Шара барысында шалғай ауылдағы Тәжен мектебінің кітапханашысы Ушыға Илясова «Кітапхананың ақпараттық-білімдік ортасын құру», Маңғыстау облыстық «Білім-инновация» мектеп-лицейі кітапханашысы Айгерім Тайманова «Мектеп кітапханасындағы жұмыстың заманауи әдістері», Ақтау қаласы Өмірзақ орта мектебінің кітапханашысы Жаңыл Дерекбаева «Қашықтан оқырманға кітап оқуды қалай ұйымдастырған тиімді?» атты тақырыптар бойынша өздерінің іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Вебинарда қашықтан оқыту жағдайында оқырманға кітапты насихаттау және кітап оқуды ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер талқыланып, оқырманмен жұмыс жасауды жетілдірудің әдіс-тәсілдері жөнінде әдістемелік ұсыныстар берілді. Шара соңында қатысушылар тақырыпқа қатысты пайдалы сілтемелер алып, осындай шаралардың мектеп кітапханашылары арасында жиі өткізіліп тұруы жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Ақкүріш ӨТЕБАЕВА,
«
Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы
бойынша ПҚ БАИ
кітапхана ісінің бас маманы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!

Добавить комментарий