Білім беру мазмұнын саралап оқыту тиімділігі
Білім беруді жаңартылған мазмұн жағдайында оқытуды саралаудың маңыздылығы артуда. Саралап оқыту-тұлғаның жеке ерекшеліктері (зияткерлік қызметтің қабілеттері, бейімдері, ерекшеліктері) ескерілетін оқу үдерісін ұйымдастыру тəсілі.
Дидактикалық жүйенің элементтері ерекшеленетін оқушылар тобын құрумен сипатталады. Сараланған оқытудың ерекшелігі-оқушылар тобына тəн жеке ерекшеліктерді ескеру жəне сол топтарда вариативтік оқу үдерісін ұйымдастыру. Даралау бұл оқу үдерісі топтардың емес, əр жеке оқушының ерекшеліктерін ескере отырып құрылатын саралаудың шекті нұсқасы.
Саралаудың қажеттілігі адамдарда бар айырмашылықтардан туындайды. Саралау енгізілмейтін сынып-сабақ жағдайларында оқу үдерісі барлық оқушылар үшін бірдей ұйымдастырылып, оларға тиімділігі əртүрлі деңгейде болады. Оқушылардың жалпы зияткерлік қабілеттері əртүрлі, оларда оқу деңгейі де əртүрлі. Бірі жаңа материалды өте тез игере алады, енді біріне жаңа материалды пысықтау үшін бірнеше рет қайталап, анағұрлым көп уақыт қажет болады. Бірі жаңа ақпаратты құлақпен қабылдағанды, енді бірі көзбен қабылдағанды жөн көреді.
Оқыту үдерісін саралауға тоқталсақ, бұл–жаңа материалды ұсыну жолдары, оқушылар орындайтын жаттығулар, қойылатын сұрақтар, оқыту әдістері мен оқушылардың бойында дамытылатын ойлау үдерісі. Әр оқушы үшін оқу үдерісі-оның өз ұғымын жетілдіру үшін білім беру бағдарламасының мазмұнын игеруі. Саралау үдерісі анағұрлым жоғары деңгейлі ойлау үдерісін пайдалануды ынталандырады.
Аманкүл ЕСМЫРЗАЕВА,
«Жамбыл-Өрлеу» институтының аға оқытушысы,
Тараз қаласы.
Загрузка...