Солтүстiк Қазақстан жоғары медициналық колледжi

Биыл Солтүстiк Қазақстан облысының ТжКБ 80 жыл және Солтүстiк Қазақстан жоғары медициналық колледжiне 90 жыл толуда. 2020 жылдың 30 қазанында ZOOM платформасында осындай айтулы даталарға арналған «Кәсiби құзыреттiлiк-түлектердiң өзiн-өзi сәттi жүзеге асыруының кепiлi» атты дөңгелек үстел өттi. Кездесуге облыстың және қаланың медициналық ұйымдарының бас дәрiгерлерi, басшының орынбасарлары, бөлiм меңгерушiлерi, бiлiм басқармасы ТжКБ әдiскерi, колледж әкiмшiлiгi, оқытушылар мен студенттер қатысты,-деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

Дөңгелек үстелге қатысушыларды колледж директоры Ә.Қ. Дюсембаев қарсы алып, Солтүстiк Қазақстан облысының техникалық және кәсiптiк бiлiм беру түлектерi, Қазақстанның басқа да түлектерi сияқты жақсы кәсiби дайындықты көрсетiп, заманауи шындық талаптарына сай болуы керек екендiгiн атап өттi. Әдiстемелiк кабинет меңгерушiсi Н.Н. Бадагазина өз сөзiнде колледж оқытушылар құрамының жоғары кәсiбилiгiн атап өттi. Колледжде 54% оқытушылар құрамы жоғары және бiрiншi санатқа ие, ғылыми-әдiстемелiк және зерттеу жұмыстарының автор-әзiрлеушiлерi, кәсiби шеберлiктiң облыстық және республикалық байқауларының жеңiмпаздары болып табылады.

Бөлiм меңгерушiсi Д.В. Буряковтың, арнайы пәндер оқытушысы Е.А. Веревкинаның баяндамаларының негiзгi мақсаты өңiрдiң практикалық денсаулық сақтау жүйесi мен денсаулық сақтау жүйесiнiң қажеттiлiктерiне сәйкес оқытуды жоспарлауға бағытталған. Студенттердiң кәсiби құзыреттiлiгiн қалыптастыру проблемалық, модульдiк және саралап оқытудың мазмұнымен, формаларымен байланысы болған кезде және кәсiби, ғылыми-зерттеу және басқа құзыреттер әдiстерi студенттердi дамытуға бағытталған кезде ғана тиiмдi болады.

Директордың оқу өндiрiстiк жұмысы бойынша орынбасары А.И. Шигорбаева, бүгiнде жұмыс берушiлер мен бiлiм беру ұйымдары арасындағы сындарлы өзара iс-қимыл үшiн жағдай жасау өте маңызды екенiн мақұлдайды. Үшiншi қалалық ауруханасының бас дәрiгерi Ж.К. Маутова, №3 қалалық емханасының бас дәрiгерi А.Ж. Ташетова, облыстық жедел медициналық орталығының бас дәрiгерi С.О. Утебаев, облыстық стоматология емханасының бас дәрiгерiнiң орынбасары Е.Г. Алишева колледж түлектерi туралы көптеген жылы сөздер және олардың 85-90% облыстың орта деңгейлi медициналық жұмысшыларын құрайтынын айтты. Олар медицина саласындағы iзденiмпаз маманның имиджi кәсiпқойлықтан, науқасқа деген көзқарастан, толық берiлгендiктен, теориялық бiлiм мен практикалық дағдылардан, кәсiби даму мен шеберлiктен тұрады деп сенiмдi.

Дөңгелек үстелдiң қорытындысы бойынша әлеуметтiк серiктестiк процесiн одан әрi жетiлдiру және еңбек нарығын жоғары бiлiктi мамандармен қамтамасыз ету туралы шешiм қабылданды.

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий