Вебинарда тәжірибе алмасты

«Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Жанар Қамысбаева мен Алматы облысы Үшарал қаласындағы М.Мынбай атындағы орта мектебі, мектеп жасына дейінгі шағын орталық директорының орынбасары Меруерт Нұрлыбекқызының ұйымдастыруымен ZOOM  плотформасы арқылы «Қашықтан оқыту жағдайында дене тәрбиесі сабағын жоспарлау» тақырыбында вебинар өтті,-деп хабарлайды tarsu.kz.

Вебинар мақсаты: «Жоғары оқу орны оқытушысымен тәжірибе алмаса отырып, кәсіби дамуға ұмтылу және жаңа білім беру жолдарын іздестіру».  Вебинар барысында, тәжірибе алу мақсатында Жанар Қалабайқызының дене шынықтыру пәніне жасалған видео сабақтары көрсетіліп,  көптеген сұрақтар және дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру жайлы ой-пікірлер айтылды.  Алдағы уақытта осы аталған мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерімен тығыз байланыста болып, өзара тәжірибе алмасу жайлы ұсыныс жасалды.

Қашықтықтан оқыту бөлімінің оқытушылары Беглерова Светлана Темірханқызының басшылығымен университет оқытушылары үшін “Жазғы мектеп” онлайн курсын өткізген болатын. Курста кафедра оқытушылары қашықтан білім беру бойынша көп дүниелерді үйреніп, нәтижесінде сұранысқа ие мамандарға айналды. Аталмыш мектеп директоры өз тәжірибесімен бөліскен ұстаздарымызға алғыстарын білдірді.

Болат КӨПБАЕВ,

«Спорт менеджмент» кафедрасының

 аға оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий