«Жыл отбасы» облыстық сырттай конкурсы өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында «Жыл отбасы» облыстық сырттай конкурсы өтті. Конкурс ағымдағы жылдың 28-29 қазанында қорытындыланды. Аталған іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының 19 отбасы қатысты,-деп хабарлайды Ақмола облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Атбасар қаласынан А. А.Абдрахмановтың отбасы, Аршалы ауданынан Р. Ж. Махановтың отбасы, Астрахан ауданынан Н. Тынханның, Бұланды ауданынан Д.В. Нацаренус отбасы, Қорғалжын ауданынан Д.С. Серікпаевтың отбасы, Целиноград ауданынан Т.А. Құрманғалиевтің отбасы конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

 

«Талантты отбасы» номинациясы бойынша Есіл ауданынан Жорабек Абай Жұманұлы отбасы, «Мерейлі отбасы» номинациясы бойынша Көкшетау қаласынан Рамазанов Еркеш Серікұлы отбасы, «Ұлағатты отбасы» номинациясы бойынша Біржан Сал ауданынан Шәріпов Бауыржан Бектемірұлы отбасы, «Алтын жүрек» номинациясы бойынша Шортанды ауданынан Арын Егор отбасы, «Ең спорттық отбасы» номинациясы бойынша Сандықтау ауданынан Иван Константинович Спиридониди отбасы, «Счастливое созвездие» номинациясы бойынша Степногорск қаласынан Дениса Александровича Чумаковтың отбасы, «Шығармашыл отбасы» номинациялары бойынша Бурабай ауданынан Владимир Владимирович Егориннің отбасы марапатталды.

 

Аталған іс-шараға қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий