Қазақстандық студенттер Мәскеуде

65 мыңға жуық қазақстандық студент Ресейге оқуға баруға ниет білдіріп отыр. Біздің еліміздің Мәскеудегі елшілігі дипломатиялық арналар арқылы РФ жедел штабына Қазақстаннан Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Уфа, Астрахань, Екатеринбург, Томск, Новосибирск және Омбы сияқты бірнеше Ресей қалаларына студент азаматтар үшін қосымша рейстерді шешу жөніндегі мәселені қарау туралы ұсыныс енгізді,-деп хабарлайды «ERTIS» телеарнасы.

 

Бірінші қыркүйекте елдегі барлық жоғары оқу орындары офлайн оқуды жалғастырғанымен, қазір науқас саны күрт өсті. Сондықтан көп оқу орны қашықтан оқытуға көшті. Мамандардың айтуынша егер қазір шетелдік студенттерді жаппай елге алып келсе, онда індет жұқтырғандардың саны бірден көбейе түседі.

Жанар Колбачаева, Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы елшілігінің кеңесші-уәкілі:Осы уақытқа дейін бірнеше келіссөздер жүргізген болатынбыз. Біздің тарапымыздан РФ сыртқы істер министрлігіне және БжҒМхаттар жолданды. Осы аптада ғана кездесу ұйымдастырылған болатын. РФ БжҒМ бізбен отырып, осы мәселені кеңінен тарқатып,  кеңінен талқылаған болатын.

Әзірленген алгоритм Ресей Федерациясының жедел штабымен де, ҚР ведомствоаралық комиссиясымен де бекітілген жағдайда, Тегі бойынша тізімдерді алдын ала қалыптастыру және студенттерге 12 күндік карантинге жағдай жасау туралы ресейлік университеттердің растауын алу үшін қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Сонымен қатар, барлық шешімдер РФ-да да, Қазақстанда да эпидемиологиялық жағдайдың дамуына байланысты болады.

 

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий