Елбасы кітапханасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы

4 қараша сағат 12.00-де Елбасы Кітапханасының жаңа мұражай ғимаратында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою салтанаты өтеді,-деп хабарлайды presidentlibrary.kz.

 

Меморандумға қол қою мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың идеясы мен бастамасын дамыту, сондай-ақ бірлескен мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру. Меморандум аясындағы негізгі ынтымақтастық формасы ортақ зерттеу бағдарламалары, ғылыми-практикалық іс-шаралар ұйымдастыру (конференция, форум, семинарлар) және ақпарат алмасу болмақ. Келісімге Елбасы Кітапханасының басшысы Әмірхан Рахымжанов және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қояды.

Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттеріндегі дәрістері» атты кітаптың баспа және электронды форматтағы тұсаукесері өтеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий