Мектеп кітапханасы-ақпараттық алаң

Кітапхана – дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор,-деп хабарлайды Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын  оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады. Осы орайда, Шымкент қалалық білім басқармасы әдістемелік орталығы «Мектеп кітапханасы-ақпараттық алаң» тақырыбында онлайн режимінде оқыту семинарын өткізген болатын. «Мектеп кітапханасы-ақпараттық алаң» тақырыбында онлайн режимінде оқыту семинары білім беру мекемелердің кітапхана меңгерушілері мен кітапханашыларының қатысуымен ұйымдастырылды.

Әдістемелік орталықтың «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, оқу сауаттылығы дамытуда білім беру мекемелерінің кітапханашыларының құзіреттілігін арттыру, кітапхана қызметкерлерін жаңа ақпараттармен таныстыру мақсатындағы Оқыту семинарына қала бойынша 100 білім беру мекемелерінің кітапханашылары онлайн режимде қатысты.

Іс-шара барысында Шымкент қалалық әдістемелік орталықтың кітапхана қызметі бойынша әдіскері Ж.А.Арысбаева семинарға қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу сауаттылығы бойынша кітапханашылардың қызметі аясында бірқатар тапсырмалармен және «2020-2025 жылдарға арналған білім беру мекемелерінің кітапханашыларына перспективалық даму жол картасының жобасымен» таныстырды. Сонымен қатар, білім мекемелерінің бірқатар кітапхана меңгерушілері мен мектеп кітпханашылары қашықтықтан оқыту аясында кітапхана жұмысын жүргізу,көркем әдеби шығармаларды оқуға, электрондық оқулықты қолдану әдістемесі аясында тұшымды ақпараттармен бөлісті.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий