Алматыда Абайдың қара сөздерінің балаларға арналған нұсқасы жарық көрді

Абайдың қара сөздері қайта жарық көрді. Тек бұл жолы бас ақынның басты мұрасы суретпен бедерленген. Жаңа топтамаға қазақстандық оқушылардың шығармалары іріктелді,-деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.  

 

Арнайы ұйымдастырылған байқауға еліміздің әр түкпірінен 300 сурет кеп түскен. Оған жеке қайырымдылық қоры мұрындық болды. Кітаптың ерекшелігі: Абайдың 45 қара сөзі балалардың көзімен бейнеленген. Осылайша олар да ақынның 175 жылдығын тойлауға өз үлесін қосты. Мөлдір Бекжан, қоғамдық қор директоры:«Еліміздегі жағдайға байланысты байқауға қатысушылар аз болады деп қорықтық. Бірақ бекер екен. Балалар белсенді түрде суреттерін жіберіп, Абайдың қара сөздерін ыждаһаттылықпен оқып, өз туындыларында жеткізуге тырысқан».

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий