Павлодарлық оқушылар Баянауыл музейлеріне саяхаттады

М.М. Катаев атындағы оқушылар  сарайы және  «Bilim Life» жастар YouTube каналы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының оқушылары үшін киелі Баянауыл елінің музейлері бойынша онлайн-экскурсия ұйымдастырды,-деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

-Баянауыл-табиғаты тамаша киелі, құт мекен. Көптеген ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерінің Отаны. Бұл даңқты Бұқар жыраудың, Шоң бидің, 19 ғасырдың екінші жартысындағы және 20 ғасырдың басындағы композитор Жаяу Мұса Байжановтың, алғашқы қазақтан шыққан тарихшы, ағартушылардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің және қазақ әдебиетінің классигі, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың елі.  Бабаларымыз Қазақстанның кең байтақ жерін, төлтума мәдениетін бізге мұра етіп қалдырды. Осы мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, зерттеп, өскелең ұрпаққа таратуымыз керек, – деді әдіскер Әсем Аипова.

Онлайн-экскурсия Қаныш Сатбаев атындағы және Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемориалдық музейлері бойынша және Зейтін Ақышев пен Шәкен Аймановтың мектеп музейлері бойынша өтті. Оқушылар экскурсияны тамашалай отырып атақты жерлес ақындарымыздың өмірі мен шығармашылығынан көп мәлімет алып, құнды еңбектерімен танысып, жеке заттарын көрді.

Онлайн-экскурсияға оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері Бақтияр Даниялов және Елдана Ержан қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий