Балдәурендегі жас ғалымдар  кездесуі

Технологиялық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту, адамға жаңа талаптарды, яғни алгоритмдерді орындауды емес, оларды жасауды талап етеді. Білім берудің түпкі нәтижесі адам әрекетінің жеке түрлерін меңгерту ғана емес, үнемі жаңа әрекет түрлерін игеруге мүмкіндік беретін құралдар мен білім алу әдіснамасын меңгеру болып табылады. Сондай әдіснамалық амалдардың бірі – физикалық құбылыстар мен процестерді модельдеу екендігі белгілі.

Осы бағытта 2020 жылдың 31 қазаны мен 1 қараша күндері «Балдәурен» РОСО-да «Шығыс данасы-әл Фараби» атты 14 ауысымының қатысушы жас астрономдары, физиктер мен математиктері Назарбаев Универститетінің физика мамандығы бойынша философия (PhD) докторы, химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының аға ғылыми қызметкері Ильясов Бауыржан Рашитовичпен кездесті.

 

«Физикалық құбылыстар мен процестерді компьютерлік 3D модельдеу» тақырыбында дәріс және шеберлік-сынып ұйымдастырылып, оқушыларға теориялық тұрғыда центрлік күш өрісіндегі денелер мен күн жүйесіндегі жердің қозғалысы жөнінде ақпарат бере отырып, физикалық құбылыстардың 3D моделін жаңа технологиялар көмегімен жасау әдісін, есептер шығарудағы маңыздылығын түсіндірді. Кездесудің екінші күні оқушылар алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда жалғастырып, компьютер көмегімен физикалық құбылыстардың 3D моделін жасады.

Оқу үдерісінде физикалық зандар мен құбылыстарды компьютерде модельдеу өте тиімді болып табылады. Модельдеу арқылы оқытудың ғылымилығы, көрнекілігі, жүйелілігі, белсенділігі сияқты принциптері жүзеге асырылады.

 

Балдәурендегі мұндай кездесулердің басты мақсаты-оқушылардың білімдерін жетілдіру, ғылымға, өнерге, спортқа тағы басқа салаларға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, кәсіби мамандық таңдауына мүмкіндік жасау болып табылады.

Жангелді АМИРГАЛИЕВ,

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру

орталығының мектеп директоры

Бурабай ауданы,

Ақмола облысы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий