Озық білім беру жүйесінің тетігі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында педагог беделін арттыруға бағытталған, оның әлеуметтік мәртебесін көтеруді қарастыратын бірқатар білім саласына қатысты мәселелердің шешу жолдарын нақты көрсетіп бергені баршамызға аян. Елбасымыз  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласында әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңіндегі ұлт болашағының, қа­зақстандық да­мудың сара жолын тағы бір мәрте айқындап берді.

Осы орайда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Мәңгілік ел» мемлекеттік бағдарламасында және қосымша кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту бойынша білім беру саясатында қарастырылған міндеттерді табысты жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты аймақтық білім беру жүйесінің негізгі үрдістерін зерделейтін және талдайтын ғылыми-оқыту, әдіснамалық және әдістемелік орталықта ғылыми дәрежелі профессорлар, доценттер, ғылым кандидаттары, магистрлер, халықаралық деңгейдегі тренерлер, «PISA, TIMSS» халықаралық зерттеулер жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту əдістері бойынша сертификатталған тренерлер қызмет жасайды.  

Институтта жыл сайын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінен бастап техникалық және кәсіптік ұйымдарының педагогтеріне дейін қамтитын білім саласы қызметкерлерінің 74 категориясы бойынша 10000-нан астам педагог қызметкер біліктілік арттыру курсынан өтеді. Біліктілікті арттыру жүйесінің кәсіби күш-жігері педагогтің жағымды образын қалыптастыруға, облыс мұғалімдерінің үздік жетістіктерін қолдауға, педагогтің беделі мен мәртебесін арттыру бойынша  нақты әрі негізделген ұсыныстарды дайындауға бағытталған.

Жаңа формация мұғаліміне біліктілік талаптарына сай болуға ұмтылу, жоғары кәсіби деңгейде өзін-өзі көрсетуге деген  қажеттілік тән. Педагогтің аттестаттау процесінде жоғары кәсіби деңгейге (біліктілік санаты) жетуін жүйелі және табысты дайындауды қамтамасыз ету тек біліктілікті арттыру жүйесі жағдайында ғана мүмкін. Атап айтқанда, ол педагогтердің біліміндегі жетіспеушіліктердің орнын толтырып, өзгермелі әлемге тұрақты бейімделуді және кәсіби педагогикалық әлеуетін үздіксіз дамытуды жүзеге асырады, кәсіби біліктіліктің анағұрлым жоғары деңгейіне жету үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Қашықтан оқу жағдайында да институтымыздың профессорлық-оқытушылық құрамы Түркістан облысы және Шымкент қаласының ұстаздарына онлайн режимде кеңестер беруде, жаңа оқу форматында орын алған мәселелерді шешуге барынша атсалысуда. Институтымызда жоспарға сәйкес онлайн курстар ұйымдастырылып, консультациялық іс-шаралар жүргізілуде.

 Мөлдір ШОЙМАНОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚ БАИ, ф.ғ.к

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий