Кәсіптік білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Жыл сайын Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі-ТжКБ) жүйесінің 300-ден астам педагогы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі-«Тalap» КЕАҚ) ұйымдастырған Республикалық біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Ағымдағы жылы типтік педагогтар үшін өзекті және қызықты тақырыптар ұсынылды,-деп хабарлайды Қостанай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Педагогтердің курстан кейінгі қызметін бақылау және бағалау жүйесі – курстан кейінгі мониторингте маңызды жағдай болып табылады. Педагогикалық практиканың нақты жағдайын курс бағдарламасының күтілетін нәтижелерімен салыстыру мақсатында «Talap» КЕАҚ штаттан тыс жаттықтырушысы М. М. Боқаева, Қостанай құрылыс колледжімен бірлесіп осы жылғы 30 қазанда құрылыс-техникалық пәндердің пәндік-циклдік комиссиясының отырысын өткізді.
Іс-шараға «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әдіскерлері мен педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» және «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыптары бойынша курстан өткен 40 педагог (әдіскерлер, өндірістік оқыту шеберлері және оқытушылар), ТжКБ әдістемелік кабинетінің әдіскерлері және Қостанай құрылыс колледжінің оқытушылары қатысты. Отырыс «Оқытудың инновациялық формалары мен әдістерін қолдану» тақырыбында өтті.
Іс-шара барысында келесі сұрақтар қарастырылды:колледждің оқу процесінде жобалық қызметті сүйемелдеуді ұйымдастыру; студенттерді оқыту тиімділігін арттыру құралы ретінде интерактивті технологиялар; құрылыс мамандықтарының студенттерін дайындау кезінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім беру инновациялары мен практикасын интеграциялау, сондай-ақ көптілді оқытуды іске асыру қағидаттарында интерактивті формалар мен тәсілдер.
Іс-шара қатысушылар арасында үлкен резонанс тудырды, өйткені бұл педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту траекториясын анықтауға,озық педагогикалық тәжірибені жалпылауға және таратуға және педагогтердің жұмысында әдістемелік көмек көрсетуге ықпал етті.
Загрузка...