«Online Mektep» модулін қолдану бойынша онлайн оқыту

2020 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Bilim Media Group» ЖШС-мен бірлесіп Bilimland.kz білім беру платформасында «Online Mektep» цифрлық модулін қолдану бойынша оқыту вебинарын өткізді,-деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі

 

Модульде 1-11 сынып оқушыларына цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы білім алуға және педагогтармен кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік берілген. Онлайн сабақ кезінде облыстың барлық аудандары мен қалаларының білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының орынбасарлары және пән мұғалімдері осы платформа арқылы оқушыларды оқытудың жаңашылдықтарымен және әртүрлі тәсілдерімен танысты.

 

Оқыту барысында жаттықтырушылар цифрлық модульдің жаңа  функционалдарын, оқыту мониторингін, сабақ кестесін қалыптастыруды, оқушылармен кері байланыс орнату тәсілдерін, үй тапсырмаларын тексеру мен бағалауды, оқушыларды мұғаліммен бейне конференция арқылы қосу мүмкіндігін көрсетті. Семинар тыңдаушылары тренерлердің жұмысына оң баға берді.

Облыс бойынша семинарға жалпы саны 2000-нан астам мұғалім қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий