Жамбылда 5-сынып оқушыларының кезекші сыныпта оқуына рұқсат берілді

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №40 қаулысы шықты. Сол арқылы бұған дейінгі қаулыға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, деп хабарлайды inform.kz/.

Жамбыл облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуынан сақтандыру мақсатында жаңа қаулы арқылы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 27 қазандағы №39 қаулысына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Атап айтқанда, оқу жылының екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі форматта оқытуға көшеді. Тек сыныптағы бала санын 15 оқушыдан асырмау қажет. Ал жалпы білім беретін мектептерде – 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде – 7 сыныпқа дейін кезекші сыныпта оқытуға рұқсат берілген. Сондай-ақ, театрлардың жұмысына тыйым салынбайтын болды. Алайда, залды тек 50 пайызға дейін толтырып, көрермен санының 100 адамнан аспауын қадағалау керек.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және маска режимі, әлеуметтік қашықтық қатаң сақталады. Осы секілді белгіленген талаптарды сақтай отырып, діни объектілер де (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) жұмыс жасамақ. Дегенмен, залды тек 30 пайыз толтырып, келушілердің санын 100 адамнан асырмау қажет. Ккүшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий