Жастар – ғылым жолында

Жуырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау» қорының Президенті А.Джулекенов және оның командасы ұйымдастырған «Жастар, ғылым және инновация» атты оқушыларға, студенттерге және жас зерттеушілерге арналған ашық түрдегі VI Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Оқушылардың ғылыми қарым-қатынас ортасын қалыптастыру мақсатында өткен конференция 2 бағытта жұмыс жасады. Қатысушылар оқушылар мен студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту, әр түрлі ғылыми мектептердің жас зерттеушілері мен ғалымдарын біріктіру, ғылым мен тәжірибенің негізгі әлемдік мәселелерін талқылау және шешу, жүргізілетін ғылыми зерттеулерді талдау және бағалау, олардың нәтижелілігі мен қолданылуы, заманауи инновациялық технологиялардың даму тарихын қадағалау, ғылымның қазіргі жағдайы турасындағы ғылыми жұмыстарын жіберді. Ал әділ қазылар алқасы конференцияға қатысушылардың ғылыми жұмыстарын сараптап, үздік қатысушыларды анықтады.

Жалпы конференцияға 304 ғылыми жоба қатысты. Оның ішінде: алты қатысушы «Жас дарын» төсбелгісінің иесі атанып, бес қатысушы «Жас ғалым», «Жас зерттеуші», «Жас өнертапқыш» номинацияларын иеленді. Ал І орынды – 161 қатысушы, ІІ орынды – 99 қатысушы, ІІІ орынды – 33 қатысушы бөлісті.

Баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий