Көктен келген ілім

«Көктен келген ілім» (Знания данные свыше) кітаптың негізгі ұстанымы осы ойдан басталады. Кітаптың авторы – Энтони Уильям жастайынан тылсым күштердің куәгері болады. Төрт жасында әжесінің сырқатына (кейін медициналық тексеруден кейін анықталған) болжап жасап, өзі жүзбе-жүз кездескен адамдардың ауру-сырқатын бір қарағанда-ақ айтып беретін болған. Бұл қасиет адамзат емдеуде үлкен мүмкіндік болғанымен, күнделікті өмірде Энтониге тигізетін ыңғайсыздығы да жетіп жататын, деп жазады massaget.kz.

Бұл кітапқа дейін америка қоғамында көріпкел, емші бар деген ой келмейтін. “Қазақы ем”, “ұшықтау” деген сөздердің  біздің елде әбден танымал болғанымен, бірақ логика мен реализмді ұстанатын Америка немесе жалпы Еуропа елдерінде зерттелмеген ғылымның кітапқа басылып, танымалдыққа ие болғаны таңқалдырды.

Кітапта себебі жоқ аурулардың шығу тегі туралы және қалай емін табуға болатындығы жазылған. Автордың көп жағдайда ұсынатын емдеу әдісі: органикалық тағамдарды қолдану.  Негізі бұл ойға қарсы келер ешкім жоқ, көпшілік дәрігерлер де осы пікірді алға тартып жатады. Бірақ автор өз инста-парақшасында ұсынатын тамақтану үлгісі арқылы, өзінің қандай нәтижелерге жеткенін бөлісіп отыратындықтан, көп оқырман оған күмән келтірмейтін. Кітапта әрбір аурудың белгілері және жазылу жолдары айтылғаннан кейін, шын өмірден алынған оқиғалар келтіріледі. 

Автордың бұдан басқа “Еда, меняющая жизнь”, “Секрет щитовидки”, “Спасение печени”, “Сок сельдерея”  атты кітаптары бар. Мысалы, “Еда, меняюща жизнь” деген кітапта көптеген көкөніс, жеміс-жидектердің құрамы және олардың пайдасы туралы жазылған. Ендеше, денсаулығын түзегісі келетін адам үшін Энтони Уильям сынды авторлардың кітабын оқуға болады. 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий