Нұр-Сұлтанда үлкен этнографиялық диктант жазылды
Үлкен этнографиялық диктант – дәстүрлі халықаралық білім беру акциясы. Ол биыл дүниежүзінің көптеген елінде онлайн режимде өтіп жатыр. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығына келгендер карантин талаптарын сақтай отырып, қызықты жобаға қатысуға мүмкіндік алды.

Ресейде тұратын халықтардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы 30 сауал түріндегі марафонды Ресей ғылым және мәдениет орталығы ұйымдастырды
Үлкен этнографиялық диктант Ресейде аталып өтетін Халықтар бірлігі күніне орай ұйымдастырылған.
– Бұл – ресейлік мереке. Дегенмен, біз бірімізден байланысты үзіп алмауымыз қажет. Ол үшін сан түрлі халықтың мәдениетіне құрметпен қарғанымыз жөн. Қазақстан да, Ресей де – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекеттер, – деп атап өтті Россотрудничестваның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Алексей Коропченко.
Үлкен этнографиялық диктантты Удмурт республикасының ұлттық саясат министрлігі мен ұлттар ісі жөніндегі федералды агенттігі ұйымдастырды. Қазақстанда бұл жоба Россотрудничества өкілдігінің ұйытқы болуымен жүзеге асырылды.
Диктантты 8 қарашаға дейін miretno.ru сайтында қашықтан жазуға болады.