Ақмола облысында Абайдың әдеби орталығы ашылды

Ақмола облысында ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу шеңберінде онлайн форматта түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі – Ақкөл аудандық кітапханасында Абайдың әдеби орталығының ашылуы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталықта халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы Абайдың өмірі мен шығармашылық әлеміне саяхат жасауға болады. Орталықтың ашылуына аудандық бюджеттен қаржы бөлінген.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде оқырмандардың сауатын арттыруға көңіл бөлу керктігін айтқан болатын. Бұл ретте, кітапхананың маңызы зор. Алайда, көптеген кітапханалар жаңғыртуды және цифрландыруды қажет етеді. Ал біздің кітапханада жаңа форматтағы залдарда алаңсыз отырып, кітап оқуға болады, – дейді аудандық кітапхана мамандары.

Ақкөл аудандық кітапханасына 1990 жылы ұлы Абайдың есімі берілген. Бүгінгі таңда кітапхана қорында 61000 экземпляр кітап бар. Оның ішінде 6780 мемлекеттік тілде. Кітапхана үш бөлімнен тұрады. «Рабис» жүйесі көмегімен электронды каталог үшін библиографиялық жазба жүргізіледі. Абонемент, екі оқырман залы және әдістеме залынан тұратын қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді.



Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий