Нұр-Сұлтанда республикалық жастар білім беру жобасы іске қосылды

Сонымен қатар еліміздің белсенді жастары өз пікірлерімен бөлісті. «Zeren» білім беру жобасы 2018 жылы басталды. Содан бері бірнеше форум ұйымдастырылып, стартап жобалар таныстырылды. Жалпы сомасы 40 млн теңге болатын бизнес идеялар іске асты, деп хабарлайды 24.kz

Жобаға танымал меценат, сарапшы және түрлі саланың белгілі тұлғалары қатысады. Шара барысында Дариға Назарбаева жастарды волонтерлікке баулуға баса көңіл бөлуге шақырды.

– Пандемия басталғалы бұл іске ерекше назар аударылды. Жастар өзінің елге деген жанашырлығын көрсетті. Сондықтан конгресс атынан баршаңызға алғыс айтамын, – деді кеңес төрайымы.

Дариға Назарбаева, Қазақстан жастары конгресі кеңесінің төрайымы:

– Құрметті жастар! Биылғы жыл еліміз үшін және әрбіреуіміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Пандемияның қара бұлты адамдардың денсаулығына нұқсан келтіріп, өмірлерін қиып, әлемге қауіп-қатер төндірді. Мен жақындарынан айырылған адамдарға шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – орны толмас қайғы. Басқасының барлығын орнына қайта келтіруге болады. Мен Қазақстан жастар конгресінің барлық белсенділеріне, еріктілерге осындай қиын кезеңде адамдарға адал ниетпен қол ұшын беріп көмек көрсеткендері үшін зор құрметпен алғыс айтамын.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Әр заманның өз міндеті бар. Қазіргі жағдайда көзқарасты қайта қарауды талап етіп отыр. Бүгінгі алаң үлкен жұмысты атқарады. Бұл шара жастарға білім берумен қатар олардың құнды пікірлерін тыңдап, қажетті қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

 

 

фото egemen.kz

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий