«Заманауи технология: дарындылықты анықтау мен қолдау» тақырыбында онлайн-семинар өтті
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» ӨО ұйымдастыруымен 2020 жылғы 9 қарашада «Заманауи технология: дарындылықты анықтау мен қолдау» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Шараның мақсаты баланың бойындағы дарындылықты анықтау мен қолдау жолдарын зерделеу бойынша іс-тәжірибе бөлісу болды.
Семинарға облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, осы пән бойынша қауымдастық жетекшілері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Семинарда Өскемен қаласы «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты” КММ директорының инновациялық жұмыстар жөніндегі меңгерушісі Ауганбаева Бакытгул Омаргалиевна «Дарындылықты тану және дамыту, қолдау жолдарының оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылуы» тақырыбында, Семей қалсы «Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі” КММ жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дюсебаева Кулгасын «Оқушы қабілетін анықтау және дарынды балаларды қолдау» тақырыптарында ой бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар қойылған сұрақтарына жауаптар алды және ұсыныстар жасады.
Семинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдеріне және облыстық білім беру ұйымдарына жолданды.
Загрузка...