Министрлік кез келген оқыту форматына дайын – Дәуленов

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов оқушылар үшін екінші тоқсан қандай форматта өтетінін айтты. Сондай-ақ, ол білім министрлігі кез келген оқу форматына дайын екендігін, дегенмен, басты шешімді Денсаулық сақтау министрлігі және коронавируспен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдайтынын жеткізді.

 

– Екінші тоқсандағы оқыту форматында нақты бір аймақтағы және елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескеріледі, соған сәйкес, денсаулық сақтау министрлігі шешім қабылдайды. Жалпы, мектеп немесе жоғары оқу орны болсын, оқытудың кез келген форматына дайын, – деді ол.

Ол жағдай күн сайын өзгеріп тұратындықтан, оқушыларға білім беру форматы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға баланысты болатынын, демек, осыған қатысты шешім жақын арада қабылданып, халыққа жеткізілетінін атап өтті.




Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий