Қазақстанда мұғалімдердің виртуалды қауымдастығы құрылады

Қашықтан оқытуда қандай мықты әдістерді қолдануға болады? Экранның ар жағындағы оқушыларды қалай қызықтырып, білімге деген құштарлығын арттыру керек? Өскеменде ұйымдастырылған өңіраралық онлайн форумда осы сұрақтарға жауап берілді. Жиынға Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Павлодар облыстарының жетекші мектеп мұғалімдері қатысты. Жиын соңында мұғалімдердің виртуалды қауымдастығын құру туралы шешім шықты, деп хабарлайды 24.kz


Қазақстанда жетекші мектептерді дамытуға орай жобаның басталғанына 5 жыл болды. Еліміздің шығысында бұл тізімге бастапқыда 71 білім ошағы іліксе, қазір олардың саны 115. Енді мінеки облыстағы осындай мектептердің мықты мұғалімдері бас қосып, павлодарлық және қарағандылық әріптестерімен бір алаңда онлайн тәжірибе алмасты.

Гүлфарида Раисова, ШҚО педагогикалық шеберлік орталығының директоры:

– Терезенің ар жағында әріптестері не істеп жатыр, виртуалды бір-бірімен араласу. Тек өзіңіздің аудан, облыс ішінде ғана емес, 3 облыстың ең құнды, ең жақсы тәжірибесін бөлісу және мұғалімдерге не жетпеуді, оны шеберлік сыныптарында көрсету.

Форумға дейінгі зерттеулер нәтижесі кейбір білім платформаларын игеруде проблемалар бар екенін көрсеткен. Сол үшін онлайн жиналғандарға сондай портал жетекшілерінің бірі шеберлік сағатын өткізді.

Жалпы шығыс қазақстандық мұғалімдердің бұл тұрғыда өзге өңірлерге ұсынар жетістіктері көп екен.

Гүлнара Әбитаева ШҚО білім басқармасы «Шығыс өңірлік орталығының» кабинет меңгерушісі:

– Қысқа мерзімді жоспар құру және қашықтан сабақты қалай өткізуге болады, осындай сұрақ көкейлерінде жүрген, шешімін табу үшін әдістемелік ұсыныстар жасадық, ол әдістемелік ұсыныстар біздің білім беру басқармасының порталында орналасқан. Мінеки осындай жұмыстармен біз өз тәжірибемізбен бөлістік.

Жетекші мектептердің әрбіріне 5-6 қарапайым серіктес мектептер бекітілген. Мақсат өзге білім беру ошақтарын жетілдіріп, білім сапасын арттыру. Ал осындай форумдар педагогтардың өзара пікір алмасып, шеберліктерін арттыруда таптырмас мүмкіндік.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий