Педагогикалық шеберлік орталығы білім беру саласындағы әлемдік үздік тәжірибелердің ондығына енді

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы әлем мұғалімдері жұмысының нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру саласындағы жетістіктері үшін беделді UNESCO Hamdan 2019-2020 халықаралық сыйлығының қорытындыларын жариялады.

Сертификат ЮНЕСКО

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (ПШО) мұғалімдердің тиімділігін арттырудағы үздік тәжірибелері мен жетістіктері үшін UNESCO Hamdan сыйлығының үздік 10 финалистері қатарына енді және Үздік академиялық жетістіктер мен мұғалімдердің кәсіби дамуындағы құнды тәжірибе үшін алғыс сертификатына ие болды.

Сыйлық финалистерін UNESCO Бас директоры Одрэ Азуле халықаралық қазылар алқасының бағалауы мен ұсынымдары негізінде іріктеп алды, оның құрамына педагогикалық қызмет саласында бірегей білімі мен тәжірибесі бар, әлемнің түрлі елдерінен келген танымал сарапшылар кіреді.

UNESCO Hamdan сыйлығы 2008 жылы ұйымдастырылды және екі жыл сайын үздік жетістіктер мен білім беру саласындағы тиімді жұмыс нәтижелері үшін беріледі. Байқаудың негізгі мақсаты – әлем мұғалімдерінің үздік тәжірибесін насихаттау.

UNESCO Hamdan 2019-2020 байқауына білім беруді жақсарту бағытында жұмыс істейтін 190 халықаралық және ұлттық ұйым қатысты.

Қазіргі уақытта педагогтердің біліктілігін арттырудың 10 білім беру бағдарламасы ACQUIN (Германия) аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтының халықаралық сертификаттауынан өтті.

ПШО-ның халықаралық деңгейде танылуы ынтымақтастық шекарасын кеңейтуге және білім беру қызметтерінің әлемдік нарығына шығуға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий