Прагада Елбасының чех тіліндегі кітабының таныстырылымы өтті
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың чех тіліне аударылған «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабының тұсаукесерін өткізді деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл шараны Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен, сондай-ақ «Nazarbayev University» кітапханасымен бірлесіп, бейнеконференция форматында ұйымдастырған.
Оған екі елдің танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстандық дипломаттар Елбасы кітабы бірегей басылым болып табылатынын атап өтті, себебі жинаққа оның кітаптары мен сөйлеген сөздері енген. Кітаптың түрлі жанрдағы бай материалы мемлекет өмірінің маңызды аспектілерін қозғай отырып, тақырыптық тарауларға біріктірілген.
Чехияның «Азия достары клубының» төрағасы, профессор, философия ғылымдарының докторы Йиржи Шима:
Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабымен мұқият таныстым және оның философиялық көзқарастарын ғана емес, сонымен қатар дана мемлекет қайраткерінің ұстанымын бейнелейтін, сондай-ақ тарихи түсініктегі қазіргі, Тәуелсіз Қазақстанның портретін қалыптастыратын түрлі тақырыптарға арналғанын ерекше атап өткім келеді, – деп атап өтті.
Қазақстан тарапынан презентацияға – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директорының орынбасары Әлия Қожабекова, Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, профессор Шәкір Ыбырай, ақын, журналист, жазушы-аудармашы Бақытжан Тобояқов, – Назарбаев Университеті кітапханасының бас сарапшысы Петр Лапо, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жазушысы Дәрия Жұмагелдиева, «Украин мәдени орталығы» кеңесінің төрағасы Тарас Чернега (Нұр-Сұлтан қ.) қатысты
Қазақстан Республикасы елшілігі Тұңғыш Президент Н. Ә.Назарбаевтың чех тіліне аударылған «Ой бөлістім халқыммен» атты кітабының таралымының бір бөлігін Прагадағы оқу орындарының кітапхана қорларына жібереді.
Загрузка...