Алматы облысындағы мектептер оқушыларды қабылдауға дайындалып жатыр

Алматы облысындағы ауыл мектептері екінші тоқсанға қызу дайындалып жатыр. Ақсу ауданында 5 мектептің оқушылары партаға отырады. Бұл мектептерде оқушы саны 300-ге жетпейді, деп хабарлайды 24.kz


Жалпы ауданда бұған дейін 28 мектеп штаттық режимде жұмыс істеген. 8 мектеп қашықтан білім беруді жалғастырады. Аудандық білім беру бөлімінің мәліметінше, оқушыларға 2 мың ноутбук берілген. Суықсай ауылдық орта мектебінде 211 оқушы бар. Мектеп оқушыларды қабылдауға дайын. Санитарлық талап толығымен сақталады дейді мектеп басшысы. Бір сыныпта 15 оқушыдан артық отырмайды. Медбике күнделікті балалардың дене қызуын өлшейді. Ата-аналар мектепке 100 маска тігіп берген.

Орынгүл Мерекенова, Суықсай орта мектебінің директоры:

– Қоңырау кестесін де мөлшерлеп жатырмыз. Мамандардың сағатына ешқандай нұсқан келмейтіндей, 5 минут, 10 минут арасында. Жетінші сынып шығатын болса, мысалы, алтыншы сынып кіретіндей. Қоңырау, бір-бірімен балалар топтасып жүрмейтіндей, осы жеке-жеке қоңырау кестесін жоспарлап енгізіп отырмыз.




Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий