Қарағанды облысында Абайға арналған ескерткіш бой көтерді

Қоладан құйылған мүсіннің биіктігі тұғырымен қоса есептегенде он метрге жуықтайды. Бұл – осымен ұлы ойшылға қойылған өңірдегі сегізінші ескерткіш. Бұл туралы 24.kz хабарлады.



Жеңіс Қасымбек, облыс әкімі:

– Ақын мұрасындағы терең ой, өршіл рух бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Өткенін ұмытпаған, тұлғаларын ұлықтаған жұрттың қашан да болашағы жарқын болады, ол анық. Осы тұрғыда Абай мұрасын тереңнен зерделеп, келешек ұрпаққа жеткізетін бүгінгідей іс-шаралар болашағы біртұтас ұлттың берік негізін қалыптастыруға үлкен рөл атқармақ.

Бұл күні «Ұлы Абайдың мұрасы – ұрпақтарға тағылым» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онлайн режимінде ұйымдастырылған шараға бірнеше елдің ғалымдары қатысып, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармалары жайында сөз қозғады. Сондай-ақ конференцияда ақын Аманжол Әлтаевтың сиясы кеппеген «Абай» кітабының тұсауы кесілді.

Ғарифолла Есім, ҚР ҰҒА академигі, абайтанушы:

– Абайдың парадигмасы сонда, ол шындықты айтады. Бізде өтірік көп. Сол өтірікті азайтуымыз керек. Сонда Абай шамы жап-жарық болып жанады.



Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий