Үздік ЖОО оқытушысы байқауының бірінші кезеңі басталды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістік көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрам қатыса алады. Байқаудың мақсаты – ЖОО оқытушыларының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына деген мотивациясын арттыру. Конкурс екі кезеңнен тұрады: 2020 жылдың 12-30 қарашасында жоғары оқу орындағы кезең; 2020 жылдың 4-15 желтоқсанында республикалық кезең.

Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді. Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді. 



Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий