М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің таланты жас ғалымдары инновациялық жобалар ұсынды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті  «Ұстаз» институтының таланты жас ғалымдары   онлайн форматта өткен ХХІІІ студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының   іріктеу турында    тың инновациялық жобаларын ұсынды.

«Психология, педагогика және өнер» бағытындағы студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының   іріктеу турында  37  жас ғалымдар    өздерінің   инновациялық  Жобаларының тұсаукесерлерін жасады. Әрбір  ұсынылған ғылыми Жобалар  өзіндік  даралық,   жаңашылдық,  терең  мазмұндылық және жүргізілген педагогикалық эксперименттердің шынайылықтарымен  ерекшелінді.

ГТ-19,1 тобының білімгері Е.Хаирбеков ( Ғылыми жетекшілері– п.ғ.д., профессор К.Д. Бузаубакова,  аға оқытушы С.Ж. Бупетаева) «Ұлы Даланың Ұлағаты:  Әбу-Насыр Әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары» тақырыбындағы ғылыми жобасы  жоғары  бағаланды. Жас ғалым Ұлы дала ойшылының педагогикалық көзқарастарын аша отырып, «Пәлсапаны үйрену үшін алдын – ала нені білуі қажет» еңбегінің мәнін  ашып,  ұстаз және шәкірттің  іс-әрекетін  жаңа мазмұнда зерделеген. Жас ғалымның  ғылыми жобасының басты жаңалығы– «Әл-Фараби тағылымы»  Жүзден жүйрік интеллектуалды  байқауының  100 сұрақтан құралған инновациялық мазмұндағы  үлгі- нұсқасын жасап,  ұсынуы.

АЯ-20,1 тобының білімгері Д.Жолдыбекова «Қашықтықтан  оқытудың психологиялық-педагогикалық  аспектілері» (Ғылыми  жетекшісі   аға оқытушы  С.Аубакирова)  атты ғылыми жобасы әдістемелік  жағынан терең ашылған. Жас ғалым  өзінің инновациялық жобасында ЖОО-ғы  дәстүрлі оқыту мен  қашықтықтан оқытудың ерекшеліктерін ашып, салыстырмалы талдау жасап, қашықтықтан оқытудың инновациялық нобайын ұсынуымен ерекшеленді.

ХРГ- 18,1 тобының білімгері  Д.Жансеитованың   ( Ғылыми жетекшісі- аға оқытушы Х.Е.Караматуллаева) «Классикалық бидің   айрықша ерекшеліктері  және  modern» тақырыбындағы ғылыми жобасы  жасөспірімдерді  modern биін үйренуге баулу арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға болады деген ой-тұжырымымен жоғары бағаланды.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімі А.Чангитбаева «Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық денсаулығын зерттеу» тақырыбындағы  ғылыми Жобасы балалардың бақытты, батыл, шынайы, сабырлы болу үшін арнайы дайындаған    «Ата-анаға 7 кеңес» айдарымен  топ жарды.

Жас ғалымдардың     32-сі  келесі шешуші турға жіберілді. Жас ғалымдарға өз жұмыстарын тағы  да басқа қырынан тануға мүмкіндік берілді.

Клара  БУЗАУБАКОВА
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий