Петропавлда оқушылар қашықтан оқуды жалғастырды

Петропавлда оқушылар қашықтан оқуды жалғастырды, деп хабарлайды 24.kz. 

Ведомствоаралық комиссия отырысында осындай шешім қабылданды. Өйткені өңірде эпидемиологиялық ахуал әлі күнге жақсармай тұр. Ауылды жерлердегі 359 мектеп штаттық режимде жұмыс істей береді. Оларда 23 мыңға жуық бала бар. Ал аудан орталықтарымен қалаларда ата-аналардың өтініштері бойынша 1638 кезекші сынып ашылды.

Айта кету қажет, жалпы білім беру ұйымдарында санитарлық талаптарды сақтап, антисептик, тепловизор сынды құрылғыларды сатып алуға жергілікті қазынадан 120 миллион теңге қаржы бөлінді. 

Валентина Черных, облыстық білім басқармасы бөлімінің жетекшісі:

– Сыныптағы оқушылар саны 15 адамнан аспауы керек. Барлық сабақ бір кабинетте өтеді. Біз санитарлық талаптар сақталуын қатаң қадағалайтын боламыз. Дезинфекция жұмыстары да кестеге сай жүргізіледі. Ал егер эпиджағдай қиындаса, бәрі де өзгеруі мүмкін.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий