Министрлік ауылдағы интернет мәселесін шешудің жолын тапты

Қазақстанда 1 200 ауылда интернетке қосылған арнайы киосктер орнатылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Ауылдарға интернет жеткізу жобасы аясында операторлармен келісіп, 1 200 ауылда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы киосктер орнатамыз. Олар арқылы аудан әкімдігі, халыққа қызмет көрсету орталықтарына, денсаулық сақтау мекемелеріне видеобайланыс арқылы жүгінуге болады”, – деді Мусин үкімет отырысында.

Бұған дейін министрлік жыл соңына дейін 5 200-ден астам елді мекенге интернет тартылатынын мәлімдеген еді.

 

Фото: Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий