«Геоэкономика» қолданбалы курс бағдарламасы туралы

Болысбекова Жарқынай Қыдырбайқызы

Ұстаздық қызметтің басты ерекшелігі үздіксіз ізденуді талап еткендіктен, шығармашылық жұмыстар да өз ретімен қарқынды жүріп, жалғасын тауып жатты. Сондай  жұмысымның бірі жаратылыстану бағытындағы10-сыныпқа 34 сағатқа арналған «Геоэкономика» қолданбалы курсы бағдарламасы болды. Бағдарламаны жасағаннан кейін, пікір алысу, ой бөлісу, тексерту мақсатында облыс орталығы Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жаратылыстану кафедрасының аға оқытушысы, г.ғ.к. Е. Тоқпаноқа жұмысымды таныстырдым. Жұмыспен танысып болғаннан кейін бағдарламаға мынандай ұсыныс пікірін берді.

Ұсынылған «Геоэкономика» қолданбалы курс бағдарламасын жаһандану кезеңінде геоэкономикалық кеңістікті, жалпы ішкі өнімнің көрсеткіштерін, дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдерін, елдер экономикасының даму стратегияларын  оқып-үйренуге, оқушыларда  құндылықтарды меңгертуге, аумақтық кеңістіктік ойлауға, кәсіби бағдарларына қойылатын  барлық талаптарға сәйкес келеді және білім мазмұны жаңартылған  10-11 сыныптарға арналған таңдау пәні ретінде оқу үрдісіне енгізуге болады.

Авторлық бағдарлама ғаламдық экономикалық геоэкономикалық кеңістіктегі құбылыстардың даму үдерістерін,  географиялық кеңістіктегі елдер мен аймақтарды танытады. Қазақстан Республикасы мен дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдерін, елдер экономикасының даму стратегияларын, жаһандану кезеңіндегі халықаралық экономикалық интеграцияның сипатын, еліміздің дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орынын оқып-үйренуді көздейді.

Оқытудың  заманауи интербелсенді және белсенді әдістерін қолдану арқылы оқушыларға жаһандану кезеңіндегі қазіргі  геоэколгиялылық үрдістерді  жаңғыртуға еліміздің дүниежүзіндегі экономикалық құрамдасу үрдістерідегі орынын  жаңа сапада ашуға, түрлендіруге, жаһандық экономикалық интеграцияланудағы орынан анықтауға  мүмкіндік береді.

Жаңартылған білім мазмұнының талаптарына сәйкес еліміз бен дүниежүзі елдерінің  экономикалық құрамдасуын, жаһандану мен аймақтану үрдісіндегі Қазақстан Республикасының алатын орынын жан-жақты ашып көрсетуі болашақ география және экеномистер салаларының мамандарын дайындауға бағытталуы  авторлық бағдарламаның жаңашылдығын айқындайды.

 Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны қосымша білім көздерін, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану негізінде оқушылардың өз беттерімен іздену, сипаттау, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Геоэкономика» авторлық бағдарламасының негізгі міндеттері –  қосымша білім көздеріне, заманауи интербелсенді және сандық оқыту технологияларын пайдалануда  10-11 сынып оқушыларына талдау,  жинақтау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру және кәсіби бағдар беру.

34 сағатқа негізделген оқу бағдарлама мазмұны –  жаңартылған мектеп географиясын оқытуға қойылатын талаптарға сай. Қазіргі геоэкономикалық үрдістерді жан-жақты терең оқытады. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға, экологиялық, экономикалық,  ақыл-ой, адамгершілік тәрбиелерін беруге, отан сүйгіштік сезімдерін оятуға және кәсіби дағдыларын қалыптастыруға, алған білімдерін өмірде іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Сондықтан  Алматы облысы  «Ескелді ауданы әкімдігінің Жетісу орта мектебі» Мемлекеттік комуналдық мекеме география пәнінің мұғалімі Болысбекова  Жарқынай Қыдырбайқызының  «Геоэкономика» авторлық бағдарламасын 10-11 сыныптарға арналған таңдау пәні ретінде оқу үрдісіне енгізуге болады- деп көрсетті ғылым кандидаты Е.А. Тоқпанов өз пікірінде.

Үлкен қызметте жүріп, ауқымды еңбектер атқарып жатқан, елімізге білімді де білікті мамандар дайындап жүрген Еркін Аюпұлы Тоқпановқа өз ризашылығымды білдіріп, үлкен рахмет айтамын. Талабы зор, жауапты қызметте жүрсеңіз де уақтыңызды бөліп, менің жұмысыммен танысып, кеңесіңізді беріп жатқан сізге де шығармашылық табыстар тілеймін, еңбегіңіз еселене берсін дегім келеді.

Осындай сын пікірді есту мен үшін де үлкен құрмет. Менің алдымда тұрған ендігі міндет осы іске асырып жатқан қолданбалы курс бағдарламасының жүру барысына, сарамандық жұмыстардың нәтижесіне қорытынды талдау жұмыстарын жүргізу. Оқушыларды жаңа, тың, шығармашылық-ізденіс ғылыми жобалар жұмыстарына жетелеу.

Болысбекова Жарқынай Қыдырбайқызы
«Ескелді ауданы әкімдігінің Жетісу орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
ілгері-жоғарғы деңгейлі,  мектеп тренері, география пәнінің мұғалімі

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий