1-бөлім. Геоэкономиканың жалпы мәселелері

Болысбекова Жарқынай Қыдырбайқызы

Бүгінгі таңдағы жүргізіп жатқан жұмысым жаратылыстану бағытындағы10-сынып 34 сағатқа арналған «Геоэкономика» қолданбалы курс бағдарламасы.

«Геоэкономика» қолданбалы курс бағдарламасы  мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты мен география пәнінің оқу бағдарламасының негізінде дайындалды.

«Геоэкономика» қолданбалы курсын оқытудың мақсаты оқушыларға экономика, экономикалық география және геосаясат, ғаламдық деңгейдегі экономикалық даму мәселелерін зерттеуге, жан-жақты оқып-үйренуге мүмкіндік беріп, алған білімдерін іс жүзінде күнделікті өмірде  қолдану, біртұтас жүйе ретіндегі ғаламдық экономикалық кеңістіктегі үдерістер мен құбылыстарды, даму тенденцияларын талдап, болжам жасау дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Авторлық бағдарлама ғаламдық экономикалық, геоэкономикалық кеңістіктегі құбылыстардың даму үдерістерін,  географиялық кеңістіктегі елдер мен аймақтарды танытады. Қазақстан Республикасы мен дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдерін, елдер экономикасының даму стратегияларын, жаһандану кезеңіндегі халықаралық экономикалық интеграцияның сипатын, еліміздің дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орынын оқып-үйренуді көздейді.

Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны қосымша білім көздерін, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану негізінде оқушылардың өз беттерімен іздену, сипаттау, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның 1-сабағының қысқа мерзімді жоспарын оқырман әріптестерімрің назарына ұсынып отырмын.

 

Сабақтың тақырыбы

Геоэкономика ғылым және оқу пәні ретінде. 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу  бағдарламасына сәйкес)

 «Геоэкономика» қолданбалы курсының зерттейтін нысандарын білу, түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

 Геоэкономика түсінігінің мәні. Зерттейтін нысандары. Зерттеу әдістері.  Геоэкономиканың негізгі түсініктері. Геоэкономикалық зерттеулер. Геоэкономиялық стратегия. Геоэкономиялық кеңістік. Геоэкономика пәні. Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі геэкономиканың орны. Геоэкономиканың теориялық негіздері.  Геоэкономика ғылым ретінде және оның әлемдік экономикадағы рөлі.

 

Бағалау өлшемдері

–   Геоэкономика терминін, бағыттарын, санаттарын, зерттеу түрлерін  түсіндіреді, картадан халықаралық ұйымдар құрамындағы  мемлекеттерді көрсетеді.

–   Геоэкономика мен заманауи  геоэкономика  арасындағы ерекшеліктерді айқындайды, түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Негізгі тірек сөздер тізбегі: геоэкономика, геоэкономикалық зерттеулер, заманауи геоэкономика, геоэкономикалық стратегия, кеңістік.

 

Құндылықтарды қалыптастыру

Ұлттық құндылықтар, патриотизм

Пәнаралық байланыс

Тарих

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

 

 

 

Сабақтың ортасы 30 минут

 Ұйымдастыру

Түгендеу

Сабаққа назар аударту

 

Жаңа тақырыпты меңгерту

Жеке: «Insert» түртіп алу стратегиясын пайдалана ғаламтор желісінің мағлұматын оқи отырып, тақырыпты оқиды, яғни оқушы оқи отырып, керекті сөздер мен терминдерді дәптерге жазып алады (бұл жұмыс барысында маңызды).

(Ж) «Кластер» әдісі арқылы экономикалық географияны сипаттайтын графикалық органайзер құру. Үлгі:

Экономикалық география      өндіргіш күштердің орналасуы        өндіргіш күштердің дамуы  түрткіжайттар жұмыс күші  өндіріс құралдары

 ҚБ.  «Дұрыс, бұрыс» әдісі

Т. Берілген тақырыпша  бойынша:

а) түсінік беріңдер; ә) дәлел келтіріңдер.

1-топ: Экономика мен геоэкономика арасындағы байланыс пен айырмашылығын анықтау.

 

2-топ: Дүниежүзілік экономиканы жаһандандыру мен Қазақстанда көпвекторлы саясат арасындағы ерекшелікті анықтау.

 

3-топ: Не себептен соңғы уақытта Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келеді? «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының қабылдануының себебін анықтау.

 

ҚБ. «Келісемін, келіспеймін», келісетіндер қол көтереді, келіспейтіндер көтермейді (нәтижесінде қанша оқушы дұрыс бағытта келе жатқанын бақылауға болады).

 

 

 

Ғаламтор

Желісінің мәліметтері.

 

Арнайы дайындалған мәтіндегі деректерді 

 

Карта, атлас

 

Ғаламтор

Желісінің мәліметтері

 

Ж. 2-тапсырма. Айтылым

 Арнайы дайындалған мәтіндегі деректерді  пайдалана отырып келесі нұсқауды қолданып менталды карта сызу (сабақ тақырыбы, ШЫҰ, балама ұсыныс,  ОЭК – ортақ экономикалық кеңістік):

Дескриптор:

         – Қағаздың ортасына негізгі тақырыпты жазып, қоршайды;

–  Тақырыпты тармақшалар арқылы саралайды;

 – Алынған білім бойынша картаны ұлғайтады;

– Қорытындылайды.

         – Менталды карталарды таныстыру.

 

ҚБ. «Жетістігі, кемшілігі» аясында бағаланады.

 Жетістігі: Геоэкономикаға түсінік беріп, толықтай тақырыпты аша алды.

Кемшілігі: Заманауи геоэкономиканың ерекшелігін түсіндіре алмады.

Кумулятивтік тыңдалым: «Ойыңды түйінде»:  

Қазақстан үшін қандай геоэкономикалық бағыттар тиімді болады?

 Арнайы дайындалған мәтіндегі деректерді  

Сабақтың соңы

5мин

3-тапсырма. Тыңдалым

Бүгінгі  алған мәліметтеріңе, жинақтаған білімдеріңе сүйене отырып ойыңды тұжырымдап қорытындыла.

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы: Қазақстанның геоэкономикасы бойынша ой-пікірің (ауызша).

 

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий