Елордада бір мектеп карантинге жабылды

Екінші тоқсанның басында Нұр-Сұлтандағы бір мектеп карантинге жабылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова брифинг барысында айтты.

 

– Бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы мектептер жабылды. Кеше Нұр-Сұлтандағы бір мектеп карантинге жабылды. Егер, есептейтін болсақ, екінші тоқсанның басында кешегі күнге дейін офлайн және онлайн режимінде оқып жатқан 55 бала коронавируске шалдыққан. Олардың ішінде 14-і офлайн, 41-і дәстүрлі түрде білім алып жатқан оқушылар, – деп мәлімдеді Айжан Есмағамбетова.

Министрлік бұл мектептің жабылуына қанша адамның індетке шалдыққаны себеп болғанын  анықтап айтқан жоқ. Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының мәліметі бойынша, карантинге №79 мектеп жабылған. Комитет басшысының айтуынша, қазіргі таңда балалар арасында вирус жұқтыру фактісі жалғасып келеді.

– Карантинге жабу ең төменгі, яғни 14 күндік мерзімді құрайды. Оның үстіне, бұл осы 14 күннің ішінде індет жұқтыру бойынша бірде бір факті тіркелмеген жағдайда жүзеге асады,- деді Айжан Есмағамбетова. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий