Кітапханашыларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастама көтердік – Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі кітапханашылардың мәртебесін көтеру қажет екенін, осы мақсатта оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастарма көтергенін айтты. Бұл ойымен өзінің facebookтегі парақшасында бөлісті.

 

– Біз кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қайта қарастырып жатырмыз. Оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастаманы көтердік, – деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар ол кітапхана заманауи түрде жабдықталып, бала үшін ыңғайлы әрі қызықты болуы қажеттігін алға тартты.

– Оқушы онда кітап оқумен қатар нетворкинг немесе шығармашылық даму дағдыларын игере алуы қажет. Бүгінгі таңда көптеген мектеп кітапханаларының жұмыс форматы ешқандай сын көтермейді, – деді бұл ретте министр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий