Ресей университеттері пандемияға байланысты әзірге студенттерді қабылдауға дайын емес
Ресейлік жоғары оқу орындары коронавирус пандемиясына байланысты әзірге шетелдік, оның ішінде, ТМД елдерінің студенттерін қабылдауға дайын емес. Бұл туралы Sputnik.kz Ресейдің жоғары білім және ғылым министрі Валерий Фальковқа сілтеме жасап хабарлады.
Загрузка...– Бірқатар мемлекеттердегі, оның ішінде ТМД елдеріндегі әріптестеріміз, әрине келгенін қалады. Алайда, не байланыс шекарасы жабық, не басқа да себептерге байланысты мүмкіндік жоқ. Сіздер қазір біздің қалалардағы және ірі жоғары оқу орындарындағы жағдайды да көріп отырсыздар. Енді біз де шетелдік студенттерді қабылдай алмаймыз. Қырүйектегідей емес, қазір жағдай түбегейлі өзгерді, – дейді Фальковтың сөзінен дәйексөз келтірген ақпарат агенттігі.