Қазақстанның 3,5 мыңнан астам мектебінде сабақ дәстүрлі режимде өтеді
Екінші тоқсаннан бастап бала саны 300-ге дейін жететін ауыл мектептерінде сабақ дәстүрлі түрде өтеді, деп хабарлайды 24.kz Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің брифингте сөйлеген сөзіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда мұндай мектеп саны 3,5 мыңнан асып жығылады. Әзірге кезекші сыныптардың арасында коронавирустың анықталу көрсеткіші төмен. Дей тұрғанмен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова меңзегендей әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты сабақ кез келген уақытта онлайн режимге өтуі мүмкін.
Яғни қандай да бір аймақ сары не қызыл түске боялса, өңірдің бас санитар дәрігері мен әкімдік жанындағы өңірлік штат бірлесіп шешім қабылдайды. Бұған қоса, брифингте мектеп оқушылар үшін жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылмайтыны мәлім болды.
Загрузка...