Қазақ тілінде жазылған қазіргі заманғы көркем әдебиет – жоқтың қасы – Асхат Аймағамбетов
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebookтегі парақшасында азаматтардың сауаттылығы, кітапхана жұмысы, кітапханашылар мәртебесі, кітап қоры, көркем әдебиет сияқты бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.
– Білім және ғылым саласына қарасты 7096 кітапхана жұмыс істейді. Мектептерде – 6461, колледждерде – 579, жоғары оқу орындарында – 56, сондай-ақ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана жұмыс істейді. Ал білім беру ұйымдарындағы жалпы кітап қоры – 267 325 289. Саны, әрине, көңіл көншітерлік, – деді ол.
Осылай деген министр көркем әдебиет, олардың аударылу жайын қозғады.
– Көркем әдебиеттің қаншасы қазақ тілінде? Мектеп кітапханалары жаңа кітаптармен қаншалықты жиі толықтырылады? Э. Берроуз, А. Азимов, М. Твен, Ж. Верн және басқа авторлардың еңбектері қазақ тіліне аударылған ба? Бұл тұрғыда айтарлықтай проблемалар бар, – деді бұл турасында Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, кітапхана қоры негізінен оқулықтардан тұрады, ал көркем әдебиет саны аз және олардың басым бөлігі кеңестік кезеңде пайдаланылған идеологиялық сипаттағы кітаптар.
Загрузка...– Әсіресе қазақ тілінде жазылған қазіргі заманғы көркем әдебиет – жоқтың қасы. Көркем әдебиеттің балалар үшін қолжетімді болуы үшін министрлік арнайы жоба әзірледі. Жоба аясында білім беру ұйымдарына қарасты кітапханалардың материалдық-техникалық және ақпараттық базасын жақсарту, балаларға арналған көркем әдебиетті жыл сайын сатып алуды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданатын болады, – деді Білім және ғылым министрі.