Зияткерлік оқушылардың роботы «Жасыл болашақ» үшін күресуде
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Шыршаның тұқымын жинауға арналған робот» жасады. Автоматтандырылған құрылғы WRO-2020 Дүниежүзілік Робот Олимпиадасында таныстырылды.
Биылғы LEGO халықаралық роботтар сайысы онлайн режимінде өтті. Байқауға әлемнің 40 елінен 760 оқушы мен студент қатысты.
Роботтың авторлары – 12-сынып оқушысы Дильназ Жемісбек, 10-сынып оқушысы Виктор Кохно және Зияткерлік мектептің түлегі Даниил Филимонов жобаны автономды роботтар жүйелері категориясында ұсынды.
– Бүгінгі таңда әлемде экологиялық проблемалар өте көп. Соның бірі – планетадағы ормандардың азаюы, бұған ағаш кесу, өрттер және басқа факторлар себеп болып отыр, – дейді жоба авторлары. Шешім де айқын, ормандарды отырғызу керек, бірақ бұл үшін көшеттері бар питомниктер және, тиісінше, тұқымдар қажет.
Питомниктерді тұқыммен қамтамасыз ету үшін Зияткерлік оқушылар қарағай мен шырша тұқымдарын жинайтын арнайы робот жасады. Әрі қарай, автоматтандырылған режимде тұқымдар ағаштардың үстінен жиналып, кептіріледі. Осылайша, робот отырғызуға жарайтын қылқан жапырақты ағаштардың көп мөлшерімен алады.
Загрузка...