АҚШ-та қазақстандық «Әл-Фараби» орталығы ашылады

Ғылыми білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Американың Өркениеттер ынтымақтастығы және алмасу қоры (ӨЫАҚ) арасындағы өзара келісім бойынша Мэриленд қаласында (АҚШ) ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл өркениеттердің ұлы философы – әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойы атап өтіліп жатқан айтулы жылы АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуда маңызды оқиға болмақ. Орталық Қазақ ұлттық университеті есімін абыроймен алып жүрген адамзаттың көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің алтын энциклопедиялық мұрасын ілгерілету саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі бірегей халықаралық алаңға айналады. Өркениеттер ынтымақтастығы және алмасу қорының басты миссиясы түрлі конфессияға жататын халықтар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын дамыту.

– Осы тұрғыдан алғанда, әсіресе пандемия және әлемдік экономика мен саясаттағы терең өзгерістер жағдайында қазіргі әлемде әл-Фарабидің рухани мұрасына жүгінудің маңызы аса зор. Әл-Фарабидің ілімі қайырымды және кемелді қоғамға қол жеткізу жолында бірігу әрі ынтымақтастық идеяларын негізге алған, сондай-ақ, бұл идеялар бүгінгі күні жаңа қауіп-қатерлерге тап болған әлем үшін ерекше өзекті, – деп атап өтті қор басшысы Мохамад Башар Арафат.

Жуырда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ҚазҰУ Джордж Вашингтон атындағы Америка университетімен бірлесіп ұлы ойшылдың мерейтойына арналған онлайн дөңгелек үстел өткізді. Университет әлемнің түрлі елдерінде әл-Фарабидің 12 орталығы мен үйін ашып, белсенді жұмыс жүргізуде. Осындай Орталық Америкада алғаш рет ашылады.

АҚШ-та «әл-Фарабидің» алғашқы орталығын ашу туралы уағдаластық адамзат ойшылының тұлғасына деген жоғары құрметтің және оның гуманистік мұрасына ерекше қызығушылықтық белгісі ретінде бағаланады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың белсенді халықаралық қызметі және оның америкалық әріптестерімен тиімді өзара әрекеттесуі, Мэрилендтегі «әл-Фараби» орталығына ұлы философтың мұрасын еліміздің бренді ретінде зерделеу мен ілгерілетудің, сондай-ақ жердің батыс жарты шарында Қазақстанның тілі мен мәдениетін дәріптеудің озық орталығы болуға мүмкіндік береді.



Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Читайте также:

Добавить комментарий